Қыздың бөксесіне қол салған алматылық курьер жазасын алды
Алматыда тамақ жеткізу қызметін атқаратын мопедтегі курьер қыздың бөксесін ұстағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Полицияның мәліметінше, оқиға 24 тамыз күні болған. Полиция басқармасына 25 жастағы қыз хабарласып, белгісіз мопед жүргізушісі оның бөксесінен ұстап, ар-намысына тигенін айтқан.
Тәртіп сақшылары бұзақыны анықтады.
Ол 22 жастағы Қазақстан азаматы болып шықты.
Оның әрекеті «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша сарапталды.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Поделиться
Читать Arbat media в