Қырғызстандық балалар енді анасын атын тегі ретінде алуы мүмкін
Қырғызстанның Конституциялық соты 16 жасқа толған адамдарға анасының атын тегі етіп алу институтын әзірлеуді тапсырып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Балаларының әкесінің атының орнына анасының атын алу құқығы үшін мемлекетпен екі жарым жыл соттасқан белсенді Алтын Қапалова осындай нәтижеге қол жеткізгенін мәлімдеп отыр. Оның талабына қатысты сот тиісті үкім шығарып, ал оған шағымдануға болмайтыны айтылған.
Сонымен бірге Конституциялық сот 16 жасқа толмаған балаларға анасының атын тегі етіп алуға тыйым салып отыр.
Мұны жеңіс деп білемін. Әйелдер әлі де болса туған баласына өз атын бере алмайды, дегенмен 16 жастан бастап таңдау құқығы бар, - деді белсенді Қапалова.
Қырғызстандық қоғам белсендісі 16 жасқа дейінгі балаларға да анасының атын алу құқығын беру үшін әлі білек сыбана күресетінін мәлімдеді.
Бұл ұзаққа созылған процесс болатыны анық. Сөйте тұра қызы мен сіңлілерім өз балаларына аттарын беру құқығына ие болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын, - дейді ол.