Қырғызстанда қазақстандық азаматты қағып өлтірген жүргізушіге шартты жаза берілді
Қырғызстанда қазақстандық азаматты қағып өлтірген жүрзізуші шартты жазамен құтылып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстандық жаттықтырушы Мұрат Жүзгенбаевтың туыстары бұл жазамен келіспейтінін айтуда. Сөзінше жүргізуші сол сәтте мас күйінде көлік тізгініне отырып, адам өліміне себепші болған.
6 сәуір күні сот оны қылмыстық кодекстің 312 бабы 3 тармағымен айыпты деп танып 5 жылға бас бостандығын айыру жазасын кесті. Бірақ үкімде айыпталушыға жеңілдік жасалып, мерзімі 3 жыл уақытқа және шартты мерзімге өзгеретіні айтылды. Әрине бұл шешіммен келісе алмаймыз. Өйткені біз адамнан айырылдық, - дейді ұлы.
Сот сонымен қатар айыпталушыға қаза болған азаматтың әйеліне 100 мың сом айыппұл төлеуді міндет еткен.
Поделиться
Читать Arbat media в