Новости Казахстана13 апреля 2023, 19:28

Құтқару қызметінің мамандары 48 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында құтқарушылардың зейнет жасы төмендейтінін атады, деп хабарлайды Arbat.media.

Премьердің берген жауабында қазір аталған мәселеге қатысты шешімнің пысықталып жатқанын жеткізді.

«Құтқарушылардың зейнет жасына келсек, қазіргі таңда Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге құтқарушыларды азаматтық қызметшілер санатынан азаматтық қорғаныс санатына өткізу мәселесін пысықтап жатыр», деп  жазылған депутатарға берген жауапта.

Ә.Смайыловтың айтуынша, осының арқасында құтқарушылардың зейнетке шығу жасы едәуір қысқармақ.

«Аталған өзгеріс құтқарушыларды әлеуметтік кепілдендіру шараларын жетілдіреді. Оның ішінде еңбек өтілі бойынша (25 жыл) немесе шекті жасқа (48 жас) жетуіне байланысты зейнетке шығуға құқық береді. Сондай-ақ, құқық қорғау органы қызметкерлеріне берілетін өзге де жеңілдіктер ұсынылады», - деп жазады Премьер-Министр.

Құтқарушылар Депутаттық сауал Үкімет Зейнеткер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!