Құрылысшы топырақтың астында қалып көз жұмды
Петропавлда құрылысшы топырақтың астында қалып ажал құшты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кеше кешке құрылыста жұмыс істеп жүрген ер адамды абайсызда топырақ басып қалып, ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.
СҚО ПД былай деп түсініктеме берді:
14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр..
Поделиться
Читать Arbat media в