Қостанайда пұл көксеген мекеме басшысына заң аясында тосқауыл қойылды
ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық дерегі бойынша «Резерв» ШЖҚ басшысын ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.
Жедел жете тексеру барысында Б.Оңайбаевтың 2022 жылы мамырда кәсіпкердің коммерциялық қызметіне жалпы қамқорлық жасағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алуға қатысы бары анықталып отыр.
Қылмыстық іске қатысушысы делдал арқылы беріліп отырған заңсыз ақшалай сыйақыны алу кезінде астыртын әрекет етудің жоғары шараларын қолдағаны ескерілді.
Нәтижесінде биылғы 16 наурызда сот шешімімен Б.Оңайбаевты мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазамен сотталды.
Сонымен бірге, Б.Оңайбаев "2-санатты" қаржы полициясы және экономикалық тергеу органдарының зейнеткері біліктілік сыныбынан айырды.