Қостанайда 58 жастағы әйелді өлтіріп көміп тастаған күдік ұсталды
Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты, деп хабарлайды Arbat.media.
30 маусымда үйінен шығып кетіп сол күйі оралмаған 58 жастағы әйелдің жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінген. Полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҰҚК шеқара қызметі мен және еріктілермен бірлесіп дереу іздеуге кіріскен еді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталған. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетіп берді.
Қазір оған қатысты ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Поделиться
Читать Arbat media в