Новости Казахстана25 января 2023, 15:53

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысы жоғын мәлімдеді

Еліміздің Қорғаныс министрлі Жамбыл облысындағы "Шөлдала" шекара заставасында көз жұмған сарбаз оқиғасына қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Өткен жылдың тамыз айында "Шөлдала" шекара заставасында мерзімді қызметін атқарып жүрген Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі сарбазының қаза болуына байланысты БАҚ-тың көптеген сауалдарына бұл жағдайдың ҚР Қарулы күштеріне қатысы жоқ екенін хабарлаймыз, - деп жазылған министрліктің ресми хабарламасында.  

Аталған күштік құрылым марқұмның өліміне қатысты ақпаратты ҚР ҰҚК Шекара қызметіне алу керектігін атаған.  

Былтыр тамыз айында Жамбыл облысының Жамбыл ауданында орналасқан Шөлдала шекара бөлімшесінде Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсаған болатын. Биылғы қаңтар айында марқұмның өлімі бойынша сотта жәбірленуші тараптың адвокаты Сержан Пірәлиев шулы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, марқұмның денесіне сараптама жасалғанда аузынан және іш киімінен шәует табылғанын мысалға келтірген. 

Сарбаз өлімі Қоғам Әскер өлім

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!