Қорғаныс министрлігі соғысқа кеткен қазақстандық студентке қатысты пікір білдірді
Бас штаб бастығы - ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары Қаныш Әбубәкіров "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясына өткен қазақстандық туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Қорғаныс министрлігінің өкілі ЧВК "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының сапына өтті деген 23 жастағы қазақстандық азамат туралы айтты.
Ол азамат Қазақстан Републикасы Қарулы күштерінің құрамында әскери қызмет етуге жарамсыз болған. Қалған мәліметке келсек, қазіргі таңда бұл мәселемен айналысып жатқан өзге органдар бар. Солар аталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға береді, - деді Бас штаб бастығы.
Бұған дейін Ресейдің Том қаласында оқитын қазақстандық студент өз еркімен ЧВК «Вагнермен» келісімшарт жасағанын мәлімдеген болатын. Кейін аталған студенттің қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еліміздің СІМ хабарлады.