Новости Казахстана17 января 2023, 21:15

"Қонаевтың қазаққа қалдырған "мұрасы" – трайбализм дерті" - Ерлан Төлеутай

Белгілі өнер және мәдениет қайраткері Ерлан Төлеутай Дінмұхамед Қонаев туралы жазба жариялап, оның қазақ қоғамына "трайбализм" дертін әкелгенін атады. Сонымен бірге, олөзіне ізбасар қалдыру үшін Теміртауда жүрген металлург Назарбаевты қызметте тезірек өсіргені туралы мысал келтірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Дәстүрлі әннің зерттеушісі, мәдениет қайраткері Ерлан Төлеутай қоғамдағы жағдайларға қатысты ашық пікір білдіріп, сын тезіне алып отырады. Ол кезекті жазбасында белгілі мемлеткет қайраткері туралы тың деректі айтып, түрлі дәлел келтірді. 

Қонаевтың қазаққа қалдырған тағы бір "мұрасы" – трайбализм дерті болды. Ежелден келе жатқан "Бөліп ал да, билей бер" саясатын шебер ұстанған Қонаев қазақты руға бөліп, ара-дарасын шығарды. Ол үшін әуелі ол Тәшеновтің түбіне жетті. Одан кейін Сәтбаев пен Бөкетовтің тағдырын ойыншық қылды. Өзіне әріден қамқор болған Нұртас Оңдасынов пен Өзбекәлі Жәнібековтерді қызметтен аластатты. Шын мәнінде бұл тұлғалар қазаққа Құдай сыйлаған құтты ерлер еді. Бұлардың бәрі құсадан өлді. Бұл тұлғалардан айырылған соң қазақтың берекесі кете бастады. Ал Қонаев болса жылдан жылға дәуірлей берді. Бірақ кез келген дәуірлеудің соңы болады ғой, Қонаев мұны күн ілгері білді. Білгені сол емес пе, жетпісінші жылдардың соңында ол өзінің жаман атын шығармайтын ізбасар іздей бастады. Оны ол Теміртаудан тапты және жедел "өсіруге" пәрмен берді. Назарбаевтың жылдам "өскені" сонша – Карметкомбинаттың парторгінен бірден Қарағанды облысының екінші хатшылығына бір-ақ "қарғыды", одан бірнеше жылдан соң яғни 1979 жылы Қазақстан Компартиясының Өндіріс ісі жөніндегі хатшысы, ал 1984 жылы Министрлер Кеңесінің төрағасы болып Қонаевтың тап іргесінен бір-ақ шықты.

Автордың жазуынша, арада екі жыл өтпей жатып,  Нұрсұлтан Назарбаев 1986 жылдың 6-8 ақпанында өткен Қазақстан коммунистік партиясының 16 сезъінде "әкесі" Қонаевты інісі Асқар Қонаев арқылы қаралаған ол оны Кремльдің алдына топ еткізіп жығып берген.

Осы сәтте қандай сұржыланды қойнына салып өсіргенін бір-ақ ұққан Қонаев Мәскеуге сабылды. Алайда бәрі кеш еді. Сол жылдың желтоқсанында Қонаев биліктен біржолата айырылды. Сөйтіп "баласының" бас болуымен Қонаевтың дәуірі аяқталды. Бәріне ақылы жеткен Қонаевтың билік пен саясатта "әке-бала" дегеннің болмайтынын білмегені өкінішті әрине. Кейін бұл жайында марқұм Балташ Тұрсынбаев мынандай әңгіме айтып еді. "Қонаев орнынан алынсымен оны "әке-көке" деп жүргендердің барлығы оның маңынан безіп кетті Қасында тек Олжас Сүлейменов екеуміз ғана қалдық. Екеуміз үйіне барып, хал-жағдайын біліп, әңгімелесіп тұрдық. Сондай жүздесулердің бірінде Қонаев: "Назарбаевты билікке әкелгенім менің өмірімдегі ең үлкен қателігім болды", – деген екен. Осылайша Қонаев ауырған рушылдық дерті оның өзіне еш опа берген жоқ. Қайта оның түбіне жетті.

Ерлан Төлеутай Дінмұхамед Қонаевтың ұлтына қатысты да мәселенің шетін шығарды. Жұрт арасында "Қонаевтың ұлты - татар" деген қауесеттің қаншалықты шындыққа жанасатынын атаған.

Ол ешқандай қазақ емес еді. Замандастарының айтуынша, 1940 жылдардан билік баспалдағымен қауырт көтеріле бастаған Қонаев 1949 жылы төлқұжатына өзін қазақ деп жаздырып алған. Бұған дейін ол татар болып келген. Мұны өзінің замандасы әрі ұйғыр мектебінде бірге оқыған кластасы Исмаил Юсупов те, Қонаевтың ауылдасы, кейіннен оппазицияға кетіп Қонаев пен Назарбаевты аяусыз әшкерелегені үшін диссидент атанған Кәрішал Асанов та өз еңбектерінде дәлелдеп жазды. Бұл жалған десеңіздер, өткен жылдары әлеуметтік желілерде Қонаевтың гаплогрупасын зерттеген мамандардың мақаласы жарық көргені естеріңізде шығар. Сонда Қонаевтың татар текті екені анық көрсетілген. Соңғы технология жетістіктеріне сүйенген ғылым осылай деп жатса, Қонаевты қазақ деп жалаулатқандарға не жорық? Шынында да Қонаевты қазақ дегеннен бізге не түседі?

Жазба иесі Назарбаевтың тұсындағы билік кезеңінде мемлекеттің бар байлығы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткенін айтады. Ал одан ертеде Қонаев заманында қазақтың ұлттық байлығының 93 пайызы Мәскеуге кетіп отырған көрінеді. "Осылайша қазақ халқы өз байлығының 7% пайызымен ғана күн көрді. Ал Назарбаев тұсында бұл әуелі 3% сонан соң, 1% түсті. Осы цифрлар сіздерді ойландырмай ма?" дегенді алға тартты. Сондай-ақ ол билік Тоқаевтың қолына өткеннен кейін қазақтың елу мың теңге жалақыны қанағат тұтып, ал ел байлығының өз халқына жаны ашымайтын 162 олигархтартың қолында шоғырланып келгенін  мойындағанын мысалға алған. 

Дінмұхамед Қонаев Нұрсұлтан Назарбаев Билік Сын

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!