Қоғам белсендісі Алматыда 3-қабаттан секірген қызды ұрған күдіктілер туралы деректерді жариялады
Алматыда жоғары қабаттан секірген қызға қатысты тың ақпарат жария болды. Бұл туралы Дина Таңсәрі әлеуметтік желіде жазда жариялады, деп хабарлайды Arbat.media.
Достар, қолдау мен ақпарат үшін барлығына көп рахмет! "Айканы" 3-ші қабаттан секірген жәбірленуші қыз анықтады. Нағыз қарақшыны бүкіл ел болып әшкерелейміз. Бізге жеке поштаға келген хабарламаларға қарағанда, бұл жеңгетайлар - нағыз қарақшылар болып отыр. Фото мен бейнежазбада бірдей тұлға бары байқалды. Сол «Айканың» барлық аккаунттары шұғыл түрде бұғатталған немесе жойылған. Одан басқа, оның қарақшылықпен айналысатын қыздарының аккаунттары да желіде бұғатталған немесе жойылған. Бірақ біз барлық скриншоттарды, тіпті, кейбір бейнелерді жібере алдық, - деп жазды Д.Таңсәрі.
Ол Алматыда үшінші қабаттан секірген қыздың неліктен мұндай қадамға барғанын айта келе, оның ұрған "Айкаға" қатысты бірнеше тұспалды алға тартады.
Енді фотосуретке қатысты. Бірінде "Айка" полиция қалпағын киген. Екіншісінде спорт клубының қолтаңбалы киімінде тұр. Енді қыздардың полицияда жұмыс істейтіні туралы көптеген нұсқалар қисынға келіп отыр. Сонымен қатар, олар қандай да бір кәсіби спортқа қатысатын болуы мүмкін. Қайталап айтайын, жәбірленушіні ұрып-соққан «Айканы" дәл осы фотосуреттер мен бейнежазбалар арқылы анықтады, - деді Дина Таңсәрі.
Автор осы ретте Алматы қалалық полиция департаментінің тарапынан аталған бұзақы қыздармен өзара қандай байланыс бары болуы мүмкін екенін сұраған.
Тек жалған ақпарат жазбаңыз. Біздің қолымызда тым көп дәлелдер бар. Олардың барлығы ерте ме, кеш пе жарияланады! Қазақстандықтар, біз неге үнсіз қаламыз? Біздің қыздармен олардың не істейтінін қараңыз. Өйткені, ауылдың қорғансыз қыздары олардың қолына түседі. Олар бұл туралы айтуға қорқады. Себебі, оны ұят деп санайды. Содан кейін олар жезөкшелікке, жыныстық құлдыққа тартылып кетеді. Ал біздің ержүрек полициямыз есеп беріп, тағы бір ұяны жауып тастағанын айтады! Негізінде бұндай "ордалардың" нағыз жасаушылары кімдер, - дейді Д. Таңсәрі.
Бұған дейін Алматы қалалық полициясы аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жалғасып жатқанын мәлімдеген болатын.
Тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жалғасуда. Яғни 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу“ және 194-бабы “Бопсалау“ бойынша тергелуде. Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп жазылған Алматы қалалық ПЖ таратқан ақпаратта.