Новости Казахстана28 марта 2023, 19:37

"Qnet" қаржы пирамидасының жетекшісі қамауға алынды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп оңтүстік мегаполис аумағында "Qnet" қаржы пирамидасын басқару дерегі бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Arbat.media.

Күдікті азаматтардан ақша жинап, біреуінің жарналарының есебінен басқа қатысушыларды байыту мақсатында қайта бөлген.

"Qnet" қызметі желілік маркетинг және электрондық коммерция түрінде жасырылған. Бірқатар шет елдерде "Qnet" компаниясы қаржы пирамидасы болып танылды. Сондай-ақ, оны ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар компаниялар тізіміне енгізді.

Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты күдіктіге қатысты 2 айға "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды, деді ҚМА баспасөз қызметі. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елордада осындай қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша күдікті ұсталған болатын. ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға үндеп отыр. 

Агенттік "Qnet" компанисяының қызметіне тап болғандарға ҚМА call-орталығына хабарласуды ұсынады. 

qnet Қаржы пирамидасы Қамау Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!