ҚМГ жарықтың апатты жағдайда берілмеуі салдарынан 60 млрд теңге жоғалтты
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Маңғыстаудағы МАЭК-те болған апаттан кейін мұнай өндіру жұмыстары тоқтау салдарынан 60 млрд теңге жоғалтты, деп хабарлайды Arbat.media.
Бүгінгі таңда АМӨЗ зауыт резервуарларында 26 мың тонна автобензин, 34 мың тонна дизель отыны, 1500 тонна сұйытылған мұнай газы, 6 мың тонна авиакеросин бары белгілі болды. Бұл көлем өнімді жеті күн бойы тұрақты жөнелтіп отыруға жеткілікті көрінеді.
Электр қуаты тұрақты беріле бастаған сәттен зауыттың технологиялық қондырғылары қалыпты жұмыс режиміне біртіндеп көшті. Апта соңына дейін кәсіпорын мұнай өнімдерін бұрынғы көлемде шығара бастайды деп жоспарланып отыр, - деп жазылған ҚМГ таратқан ақпаратта.
Соңғы 2,5 жылда ҚМГ мұнай-газ өндіру активтерінің барлығында электр қуатының үзілуінен жалпы 279 мың тонна мұнай өндірілмегені белгілі болды. Ал қайта іске қосу жұмыстарына жұмсалған шығынды ескере отырып, жоғалтқан шоғырландырылған қаржылық пайда 60 млрд теңгеден асып отыр.
2023 жылы ҚМГ кен орындарында электр қуаты жалпы 153 рет үзілген, бұл 75 мың тонна мұнай көлемінің өндірілімеуіне әкеліп соққан.