"ҚазМұнайГаздың" "Галатасарайға" демеушілігі туралы дерек жалған болып шықты
"ҚазМұнайГаз" түріктің "Галатасарай" футбол клубымен келісімшартқа отырғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
"ҚазМұнайГаз" АҚ әлеуметтік желіде "ҚМГ Ыстамбұлдың "Галатасарай" футбол клубымен келісімшартқа отырды" деген ақпараттың тарауына байланысты бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын хабарлайды, - деп жазылған мәліметте.
Бұған дейін әлеуметтік желіде "ҚазМұнайГаз" "Галатасараймен" жылына 7,5 млн долларлық келісімшартқа қол қойғаны туралы мәлімет тараған болатын. Аталған келісімнің бес жылға дейінгі мерзімге есептелгені туралы жазылған еді.
Поделиться
Читать Arbat media в