Новости Казахстана21 декабря 2022, 18:30

"ҚазМұнайГаз" Германияға мұнай экспорттауды көздеп отыр

"ҚазМұнайГаз" АҚ 2023 жылдан бастап Германияға мұнай экспорттай бастауы мүмкін, деп хабарлайды arbat.media.

Компанияның басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ГФР экономика және климатты қорғау істері министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнер бейнебайланыс арқылы сөйлесіп, және Германияның Бундестаг депутаты, Cолшылдар партиясының парламенттегі өкілі Кристиан Гёркемен кездескен.

Кездесуде Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын экспорттау мәселелерін талқылап, Бундестаг депутаты "Дружба" мұнай құбыры арқылы Қазақстан шикізатын тұрақты түрде жеткізуге қызығушылық танытқаны айтылды.

"Қазмұнайгаз" басшысы Қазақстан мұнайы аталған құбыр жолы арқылы Германияға экспорттау мүмкін екенін, алайда келісімшарт және техникалық мәселелерді шешу қажеттігін атаған.

ҚМГ-нің мұнай өндіруші ұйымдарының шикізаты Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Ал ҚМГ мұнайының экспортқа шығатын көлемі бірыңғай жүйелік трейдер — KMG Trading мекенжайына жеткізіледі, ол алдымен "ҚазМұнайГаздың" Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарының қажеттілігін өтейді. Экспортқа арналған мұнайдың қалған көлемі ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша сатылады. Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Германияға сынақ ретінде мұнай партиясын 2023 жылдың қаңтар айында жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр, - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Келіссөздер қорытындысы бойынша екі жақ өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға сенім білдіріп отыр. Шведт қаласында орналасқан, жылдық қуаты 10 миллион тоннадан астам шикі мұнайды өңдеуге қауқарлы мұнай өңдеу зауыты Берлин мен Шығыс Германияның көп бөлігін отынмен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін еліміздің Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Германияға жылына 2 миллионнан 5 миллион тоннаға дейін мұнай жібере алатынын мәлімдеген еді. Жаңа жоба қаңтар айынан бастап іске асырылмақ.

Қазмұнайгаз Мұнай Экспорт Германия

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!