Қазақстандық велошабандос Азия чемпионы атанды
Таиландтың Районг қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатының 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасында Андрей Ремхе жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Arbat.media.
Отандасымыз 30 шақырымды 36:11.058 секундта бағындырып, мәре сызығын алғашқы болып кесіп өтті. Оның соңынна қытайлық Жу Цзиньян мен индонезиялық Мұхаммед Энди Ройан өтті.
Районгта сары құрлықтағы 27 елден келген 700-ге жуық велошабандоз қатысуда. Олар ересектер арасындағы 42-ші, жастар арасындағы 29-шы, 11-ші пара Азия чемпионатында сынға түсіп жатыр.
Мұнда Париж Олимпиадасы үшін керекті рейтинг ұпайлары беріледі. Сонымен бірге, сары құрлық бәсекесі 13 маусымда мәресіне жетпек.
Поделиться
Читать Arbat media в