Қазақстандық депутаттар мен ұлттық компания басшылары Түркиядан 42 пәтер сатып алған
Түркиядан бір жыл ішінде 42 Қазақстан азаматы баспана сатып алған. Бұл туралы Қаржы министрлігінің кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Баспана сатып алғандардың ұлттық компания мен холдинг басшыларына және депутаттар және олардың жұбайлары екені айтылып отыр. Azattyq Ruhy-ның жазуынша, ашық дереккөздегі мәліметтерге сәйкес 2,5 мыңнан астам отандасымыз осыған дейін Анадолы елінен үйлі болған.
2022 жылы мемлекеттік қызметшілерден басқа кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұлттық компаниялар мен холдингтердің, банктердің, қаржы және сақтандыру ұйымдарының басшылары, депутаттар, әкімдер, сондай-ақ мемлекеттік қызметке, мәслихат депутаттығына кандидаттар, аталған адамдардың жұбайлары және т.б. табыс пен мүлік туралы декларацияны алғаш рет ұсынды. 2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияларда 42 жеке тұлға Түркияда тіркелген мүлікті көрсетті",- деді ҚР Қаржы министрлігінің кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
Еліміздің ұлттық статистика бюросының дерегі бойынша, соңғы он екі айдың ішінде Қазақстаннан ТМД елдеріне - 20 мың, өзге шет мемлекеттерге - 4 мың адам тұрақты тұру үшін қоныс аударған. Бұдан бөлек, Түркияға 97 адам көшіп кеткен. Ал уақытша тұруға кеткендердің саны әзірге нақтыланбаған.
Бұдан бөлек, Германияға - 2 530, Польшаға - 394, АҚШ-қа - 341 адам біржола көшіп кетті. Бір жылда Ресейге көшкендердің саны - 19 452 адамды құраса, Өзбекстанға кеткендері - 268, Беларусьқа - 238 адам көшкен.