Новости Казахстана12 июля 2023, 18:08

Стамбул мен Дубайға бару: Қазақстандағы әуе билеттерінің бағасы қанша тұрады?

Қазақстанда ішкі әуе рейстерінің бағасына қатысты тұрғындар жиі шағым айтады. Себебі, жазғы уақытта баға қымбаттап, билет атаулы мүлде қолжетімсіз болып қалады. Тіпті, қалааралық рейстерге арналған баға халықаралық ұшу бағасына жетіп қалатынын жолаушылар үнемі айтады. Осы орайда Arbat.media тілшісі ұшақ билеттерінің құнын салыстырып, шолу жасап көрді. 

Негізінен Қазақстанда ұшақ бағасынан билеттері Ақтау мен Алматы, Астана және Атырау мен Алматы, Астана арасында бірден байқалады. Бұл бағытта ұшақпен жүретін адамдар күні бұрын билет алмаса, өте қымбат. Мәселен, Астана мен Ақтау арасында қыстың күндері баға 30-40 мың теңгені құраса, жаздың күндері ондай баға арманға айналады. Мысалы, Астана мен Ақтау арасындағы 29 шілдеге арналған билет бағасы бүгін 67 мың теңгеге бағаланған. Егер, ұшудан 2-3 бұрын алсаңыз жолаушы үшін 100 мың теңге ақшаны шығындауға тура келеді. 

Астана мен Дубай арасында ұшатын жолаушылар қысы-жазы толастамайды. Жиі ұшатындардың айтуынша, арнайы акциясы кезінде Біріккен Араб Әмірлігіне 100 мың теңгемен барып-қайтуға болады. Алайда жазда онда бағаны кездестіру мүмкін емес деседі. Алайда билет сатылатын сайттардағы бағасы Астана-Дубай арасында орта есеппен 130 мың теңгеден сатылып жатыр. Ал тамыз айындағы баға бұдан сәл ғана арзандау болып отыр. 

 

Астана мен Ыстанбұл арасында қатынайтындарға билетті бірден табу да оңай емес. Алдын ала алмасаңыз, қолжетімді билетті таппай қаласыз. Мәселен, 3 тамыз күні кешкілік ұшатын ұшақ билетінің бағасы қазір 120 мың теңге шамасында сатылып жатыр. 

 

Алматы мен Ақтау арасында да ұшақ үнемі бос бола бермейді. Алатау төрінен мұнайлы өлкеге келушілер мен кері ұшатындар әркезде толастаған емес. Соған сәйкес баға да бұл аралықта ешқашан арзан болған емес. Арзан билеттер бірден өтіп кетеді. Ала аяқ астынан Алматыға я кері бағытта Ақтау ұшатындардың қалтасы қағылады. Қазіргі сәтте 21 шілде күні ұшатын ұшақ билеттерінің бағасы тура 64 567 теңгеге бағаланып, сатылуда. Ал бұны қымбатсынып, пойызбен барамыз дегендердің де әрекетінен түк пайда жоқ. Себебі, пойыздың билеті де әп-сәтте өтіп кетсе, екі күн бойы ыстық ауа райында пойыз вагонында отыруға әркімнің денсаулығы жете бермеуі де мүмкін. 

 

Алматы мен Астанада өзге қалаларға арналған билет бағасы Ақтау мен Атырауға қарағанда анағұрлым арзанырақ. Мәселен, Алматы мен Өскемен арасындағы билеттің 48 мың теңгеге жуықтайды. Есесіне, Алматыдан Семейге ұшатын FlyArystan компаниясының билеттері 50-60 мың теңгеге жеткен. 

Алматы мен Ыстанбұл арасындағы билет бағасы ішкі рейстермен салыстырғанда аса қымбат емес. Мысалы 24 шілде күні ұшатын ұшақ бағасы 93 мың теңге шамасында. Бұл Алматы мен Ақтау арасында билетті ұшатын күні алатын бағамен пара-пар деуге болады. 

 

Алматы мен Дубай арасында ұшып, естен кетпес туристік сапар ұйымдастырып жүрген екі аралықтағы билет бағасын жақсы біледі деген ойдамыз. Бұл аралықтағы баға шілде айы бойынша орта есеппен 111 мың теңге болса, тамыздағы баға төмендегідей. Қымбат екен деп ұшақты бос қалдырған жолаушылардың жоқ екені тағы бар. 

Билет бағасы демекші, қымбатшылыққа қатысты үнемі сын айтылып, соған байланысты шаралардың қолға алынатынын ара-тұра естіп жатамыз. Бұған қатысты азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев мамырдың соңында пікір білдіріп, халықаралық тәжірибе екенін алға тарқан болатын.

Бұл халықаралық тәжірибе. Билеттің бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді. Тек қана сұраныс бойынша қойылады. Оның бүкіл әлемде пайдаланатын тәжірибесіне сәйкес, сұраныс пен ұсыныстың орташа бағасымен реттеледі. Демалыс күндері билет бағасы көтеріліп, аптаның ортасында төмендейді. Бірақ біздің ойымызша, билеттің құнын азайту үшін тек қана бәсекелестікті дамыту керек, - деген еді комитет төрағасы. 

Әрине, бағаның сұранысқа сай қымбаттауына ешкім тосқауыл бола алмаса да, ішкі нарықтағы бағаның әлі күнге бағынбай тұрғаны қызық. Әйтпесе, Атырау мен Ақтау, қала берді өзге өңірдің тұрғындары демалыс, мереке күндерінде қымбат бағаға ұрынып жатады. Айта кететін бір жайт, қол жетімді бағаға ұшатын FlyArystan-ның жыры тағы бар. Бұл компанияны таңдаған жолаушылар әуежайда себепсіз кешіктірілгенін айтса, кейде арзан деген бағаның өзі қымбаттап кететінін жиі айтып жүр. Ал еліміздегі тұрақты баға бір ғана бағытта сақталған көрінеді. Ол арнайы субсидия құйылған рейс Ақтау мен Көкшетау арасында ұшады. Бұл ұшаққа билетті қай күні алсаңыз да баға 25 мың теңгеден еш қымбаттаған емес. 

 

Ұшақ билеті Әуе рейстері

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!