Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан асты
Елімізде мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан асып отыр, деп хабарлайды Arbat.media.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша аталған 700 мың адамның 59 пайызы еңбекке қабілетті жаста болса, 14,7 пайызын балалар құрайды.
Қазіргі кезде елімізде мүгедектігі бар адамдар саны 700 мыңнан асты. Бұл көрсеткіш еліміздегі жалпы халық санының 3,7 пайызын құрап отыр», - деді Сенат депутаты Ләззат Қалтаева.
Осы орайда Сенат депутаттары «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» Заңды мақұлдаған болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в