Новости Казахстана31 августа 2023, 10:52

Қазақстанда электрсамокаттарға қатысты жаңа ережелер күшіне енді

Қазақстанда 30 тамызда «Жол қозғалысы туралы» заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді, - деп хабарлайды Arbat.media.  

Жаңа ережелер жеке мобильді құрылғылардың, атап айтқанда, электрсамокаттың жүргізушілеріне қатысты.

2023 жылғы 29 маусымда «Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Мемлекет басшысы қол қойған.

Заң көлік құралдарының жаңа түрлерінің – «электрсамокаттарының» және «шағын электр көлік құралдарының» мәртебесін айқындайды.

Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңының талаптарына сәйкес, тротуардағы электрсамокат  жылдамдығы 6 км/сағ деп белгіленген.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі жаңа ережелерді бұзғаны үшін айыппұл қарастырылған видеоны жариялады.

электрсамокат жаңа ереже ІІМ Заң

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!