Новости Казахстана29 сентября 2023, 1:23

Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі

Президент «Көшбасшылар диалогы» сессиясында Қазақстанның жаһандық экономикалық процестердегі рөлі туралы өз көзқарасын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media

Мемлекет басшысы аталған форумның дер кезінде ұйымдастырылып отырғанын атап өтті.

– Ондаған жылдар бойғы жаһандану мен интеграция үдерісінен кейін әлем қазір бетбұрыс кезеңінде тұр. Қақтығыстар, геосаяси шиеленістер, нарықтардағы келеңсіздіктер және сауда саласындағы даулар әлемдік саяси және экономикалық тұрақтылыққа сызат түсіруде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің пікірінше, жаһандық экономикалық өзекті проблемаларды шешуге ықпал ететін жаңа әмбебап құндылықтар қажет. Әйтпесе, адамзат дүниежүзілік сауданың бұрын-соңды болмаған бөлшектенуіне тап болады. Бұл әлемдік ЖІӨ-нің 7 пайызға құлдырауына әкеп соқтыруы мүмкін.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің басым бөлігін еліміздің халықаралық экономикалық байланыстарды тұрақтандыру ісіндегі рөліне арнады.

– Еуразиядағы екінші ірі мұнай қорына ие Қазақстан әлемдік нарықтарға энергетикалық ресурстардың ірі жеткізушісі саналады. Біздің мұнай экспортының 70 пайызы Еуропа Одағына шығарылатынын ескере отырып, экспорттық әлеуетімізді кеңейтуге және жаһандық энергетикалық дағдарысты жеңілдетуге үлес қосуға дайынбыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті форум қатысушыларына ұлттық экономиканы дамытудың перспективалары туралы мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Көшбасшылар диалогы Berlin Global Dialogue

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!