Новости Казахстана26 мая 2023, 14:29

Қазақстан одақтас мемлекет құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес - Руслан Желдібай

Президент әкімшілігі басшысының орынбасары - Ақорданың баспасөз қызметінің жетекшісі Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге сапарынан кейін Қазақстанның  одақтас мемлекеттерге қатысты көзқарасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен II Еуразиялық экономикалық форумға қатысқан болатын. Форум барысында ол бірқатар мәлімдеме жасады.
ЕАЭО аясындағы интеграция тек қана экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді. Президент атап өткендей, экономикалық интеграция – бұл түпкі мақсат емес, ол экономиканы дамытудың және халықтарымыздың әл-ауқатын арттырудың негізгі құралдарының бірі. Яғни, ұйым асында қабылданатын кез келген шешім оның әрбір мүшесіне және, ең алдымен, олардың азаматтарына пайдасын тигізуі тиіс, - деді Руслан Желдібай.
Ол интеграция мәселесі қозғалғандығын айта келе, қазіргі уақытта ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шыққанын атады.
Мемлекет басшысының пайымынша, шын мәнінде, бір халық және бір мемлекет туралы сөз болып отыр. Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ, - деді Ақорданың баспасөз хатшысы. 
Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!