Қазақстан бокс әлем чемпионатында жалпы есепте екінші орынға ие болды
Қазақстан ұлттық құрамасы әлем чемпионатын төрт алтынмен аяқтады, деп хабарлайды Arbat.media.
Құрама қоржынына төртінші алтынды 80 келіге дейін салмақтағы Нұрбек Оралбай салды. Ол финалда Қытай атынан сынға түскен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды финалда төрешілер шешімі бойынша жеңді. Осылайша астаналық атлет басымдық танытып, чемпион атанып отыр.
Ташкентте аяқталған әлем чемпионатынан Қазақстан құрамасы төрт алтын, бір күміс медаль иеленіп, жалпы командалық есепте екінші орынға тұрақтады.
Бұған дейін 48 келіде Санжар Тәшкенбай, 54 келіде Махмұд Сабырхан, 71 келіде Асланбек Шымбергенов әлем чемпионы атанса, 67 келіде Дулат Бекбауов күміс жүлдеге ие болған еді.
Поделиться
Читать Arbat media в