Новости Казахстана16 марта 2023, 19:58

"Қазақстан барысы" атаған балуан Жетісу облысының спорт басқармасының басшылығына тағайындалды

"Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл Жетісу облысының спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Arbat.media

Қазақ күресі және дзюдодан көптеген жарыстардың жеңімпазы Ұлан Рысқұл Жетісу облысының спорт саласының басшысы қызметіне кірісті. 

"Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды", деді өңірдің спорт басқармасының баспасөз қызметі. 

Белгілі спортшы дзюдодан 2009 Азия чемпионатында аса ауыр салмақта қола жүлдегер атанған. Сонымен бірге, 2011 жылы алғаш рет ұйымдастырылыған "Қазақстан барысы" турнирінде жеңімпаз атанып, финалда белгілі балуан Бейбіт Ыстыбаевтан басым түскен еді. 

Ал Жетісу облысы дене шынықтыру және спорт басқармасын бұған дейін Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үлкемпіровтің ұлы Алмат Үшкемпіров басқарған болатын. 

 

Ұлан Рысқұл Қазақстан барысы Спорт басқармасы Жетісу облысы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!