Қазақ тілі Telegram-ның ресми тілдер қатарын толықтырды
Telegram-да қазақ тілін iOS пен Android жүйелерінде және браузер нұсқасында қолдануға болады, деп хабарлайды Arbat.media
Telegram қосымшасының қазақшасы сілтеме арқылы beta нұсқа түрінде жұмыс істеген болатын.
Qazaq Grammar тобы таратқан дерек бойынша, қазақ тілі Telegram-ға түркі тілдері арасында түрік пен өзбек тілінен кейін үшінші болып отыр.
Telegram'ға қазақ тілін қосу үшін қолданбаның баптауындағы "Тіл" деген тармаққа кіріп, тізімнен "Қазақша" дегенді таңдайсыз, - деп жазылған топ жазбасында.
Поделиться
Читать Arbat media в