Қарағандының орталық саябағын су басты
17 сәуір күні Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс паркінің бір бөлігін су басты. Себебі - су құбырында болған ірі апат, деп хабарлайды Arbat.media.
Су құбырындағы апат салдарынан қаланың біршама көшесі сусыз қалды.
Апаттың салдарын жою, шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын Михайловский сумен қамтамасыз ету цехының бригадасы жүргізіп жатыр. Келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз, - деп хабарлады «Қарағанды СУ» компаниясы.
«Қарағанды СУ» компаниясының хабарламасына сәйкес қалпына келтіру жұмыстары кезінде С.Сейфуллин, Ипподромная, Чкалов, Охотская, Бұқар Жырау, Ә.Ермеков, Комиссаров, Ботаническая, Казахстанская, Московская, Анжерская, Кирзавод, Ақтас және тағы да басқа көшелерде ауыз су болмайды.
Поделиться
Читать Arbat media в