Новости Казахстана22 декабря 2022, 16:41

Қарағандыда жүк көлігі құбырға соғылғаннан кейін бірнеше көшеде жылу деңгейі төмендеді

Қарағандыда бірнеше көшеде жылу беру мөлшері төмендеді. Қала сыртындағы жылу желісіне КамАЗ жүк көлігінің соғылуынан кейін құбырлар зақымданған, деп хабарлайды arbat.media.

Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат 5.30-да кезінде болған. Қаланың Гоголь көшесі мен Спасск тасжолының қиылысындағы апаттан кейін бірнеше көшеде жылу беру көлемі азайтылды. 

Кейін анықтау кезінде жүк салғыш бөлігі көтеріліп кеткен КамАЗ жылу құбырларына соғылғаны белгілі болды.  Қазір оқиға орнында "Теплотранзит" ЖШС бригадасы шұғыл түрде 1000 мм диаметрлі құбыржолынан табылған ақауды реттеуге кіріскен. 

ПИК және ЖС жеке секторының тұтынушылары, жылумен жабдықтаудың нашарлау аймағына түсетін тұрғын үйлердің жылу шаруашылығына жауапты адамдар жеткізуші жылу желілерінің, үйішілік жылу желілерінің жай-күйін қадағалап, диспетчерлік жөндеу қызметінің өкілімен тұрақты байланыста болуы қажет. Олардың ұсыным-нұсқауларын қатаң орындау керек,- деді Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Соныме бірге жағдай қалыпқа келгенше қаладағы бірнеше көшеде жылу деңгейі орташа қалыпта болады. Бұған дейін Екібастұз қаласында жылу электр стансасында төтенше жағдай орын алып, қала бірнеше күн бойы жылусыз қылған еді. Кейін осыған ұқсас оқиға еліміздің Семей, Степногорск қалаларында қайталанып, жағдай дер кезінде тұрақталды. 

Жылу құбыры Қарағанды Апат Қоғам

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!