Новости Казахстана20 июня 2023, 20:39

Қарағандыда жасанды көгал төсемесі ұшырып әкеткен бала ауруханада есін жиды

Қарағандыда  қатты жел кезінде жасанды көгалмен бірге ұшып, бас жарақатын алып, жансақтау бөліміне түскен бала бүгін есін жиды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақпараттың жазуынша, дәрігерлер енді оның өміріне еш қауіп жоқ екенін атаған. 

Кеше Көгілдір тоғандар  шағын ауданындағы үй аулаларының бірінде жасанды көгалды жел ұшырып әкетіп, үстінде ойнап отырған екі бала жарақаттанған еді. 8 жастағы балақайдың бас және жақ сүйектері, қолы сынған. Сондай-ақ, миына зақым келгені анықталды. Оған операция жасалады. Екінші 9 жастағы екінші баланың жағдайы қалыпты көрінеді. Ол клиникалық ауруханада ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның оңалып қалғанын айтады.

Баланы шок жағдайынан шығардық. 8 жастағы науқастың жағдайы жақсарды. Есі анық, сөйлеп жатыр. Нейрохирургтар, сынған маңдай сүйегін, төменгі жақ сүйегін орнына қояды, жоғарғы жақ сүйегін де бекітеді. Травматологтар да өз жұмысын істейді. Сондай-ақ баланың оң қолы сынған. Оны да қалпына келтіреді, - деді нейрохирург-дәрігер Ғабит Махамбаев.

Қарағандыдағы ықшам аудан аулаларындағы бұл жасанды көгалды мердігер бір апта бұрын ғана орната бастаған. Жұмыс барысы толыі аяқталмағандықтан, жасанды көгалдың жиегі бекітілмеген. Ал қауіпсіздік жағы неліктен ескерілмегендігін құзырлы органдар анықтайды. Қазір аталған оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 306 бабы бойынша іс қозғалғаны белгілі болды. 

Қарағанды Аурухана Есін жию

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!