Новости Казахстана18 февраля 2023, 3:53

Қарағандыда "AMANAT" партиясының үгіт-насихат баннері уақытынан бір күн ерте ілінді

Қарағанды қаласында «AMANAT» партиясының бірнеше үгіт-насихат баннері ілініп, сайлау туралы заңнамаға қайшы екені белгілі болды. Аталған партиясы жарнамасы тиісті уақыттан бір күн бұрын ілген, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Әлеуметтік желіде Қарағанды қаласында бірнеше жерден партияның үгіт-насихат баннері ілінген. Оны байқаған қаланың қоғам белсенділері әлеуметтік желіде дабыл қақты. 
Үгіт-насихат 18.02.2023 ж. күні 18:00-ден кейін басталатынын “Аманат” білмейді ме әлде заңға бағынбайды ма?, - деп жазды Арайлым Назарова есімді желі қолданушысы.
Аталған жағдайдан кейін партияның Қарағанды филиалы жауап берді.
Сыртқы жарнаманы уақытынан бұрын ілу дерегі Қарағанды қаласы бойынша қызмет көрсетуші "Reklama city" және "БИРСК" ЖШС компаниялары тарапынан болған. Аталған заңбұзушылық сағат 15:00-де партияның облыстық филиалымен анықталып, 30 минут ішінде материалдар алынып тасталды. "Reklama city" және "БИРСК" ЖШС компанияларының бұл әрекеті заң мен келісімшарт міндеттерін өрескел бұзу болып табылады. Келісімшартта көрсетілгендей, үгіт-насихат материалдарының бәрі Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспар бойынша 2023 жылдың 18 ақпаны күні сағат 18:00-ден бастап ілінуі тиіс. Партия өз кезегінде сот органдарына жүгініп, қызмет көрсетуші компаниялармен келісімшартты біржақты үзеді, - деп жазылды партия филиалының өңірлік филиалының ресми парақшасында
 

«AMANAT» сайлау Қарағанды үгіт-насихат

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!