Новости Казахстана30 сентября 2023, 15:08

Қарағанды облысындағы ұшақ апаты — қаза болғандар

Азаматтық авиация комитеті Қарағанды облысында ұшақ апатынан қаза болғандардың аты-жөнін жариялап, атқарылып жатқан шұғыл шаралар жөнінде мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әуе апатынан қаза тапқандар: 1097 сағат ұшу тәжірибесі бар әуе кемесінің командирі (ұшқыш-нұсқаушы), Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты.

Пилоттың 2019 жылдың 28 қарашасында берілген №000012 CPL (A) сертификаты бар. Нұсқаушы пилоттың арнайы белгісі «КАМА» заңды тұлғалар бірлестігіне енгізілген және ол 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды.

«Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның Авиация әкімшілігі әуе апатында қаза болған азаматтардың жақындары мен туыстарына көңіл айтады.

Қазақстанның Авиация әкімшілігінің бас директоры Каталин Раду P2002-JF-пен болған апатқа байланысты Операциялық орталықтың шұғыл отырысын өткізді.

Операциялық орталық Қазақстанның авиация әкімшілігінің авариялық жоспарын іске асыра бастады, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды және тергеу жүргізу үшін құжаттар дайындалды», – делінген хабарламада.

Ұшақ «Авиациялық оқу-жаттығу орталығы» ЖШС-ға тиесілі. Компания 2022 жылғы 25 қарашада «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ берген сертификат негізінде авиациялық персоналды кәсіби даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асырып келеді. Сертификаттық тексеруді «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ авиациялық инспекторлары 2022 жылғы 21 қараша мен 25 қараша аралығында жүргізді.

Апатқа ұшыраған UP-LA286 әуе кемесінің ұшуға жарамдылық сертификаты 2020 жылғы 4 маусымда берілді. Шығарылған жылы – 29.07.2011 жыл. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде 2020 жылғы 13 мамырда тіркелген.

Авиациялық оқу орталығының паркі 15 (11 ұшақ және 4 тікұшақ) әуе кемелесінен тұрады.

Еске салайық, ұшақ апаты бүгін таңертең болды. Қарағанды облысының Балапан алаңында оқу-жаттығу жасап жүрген P2002 үлгісіндегі UPLA286 ұшағымен ұшып шыққан уақыты 07.46-дан кейін байланыс үзілген. Әуе кемесі жергілікті уақытпен сағат 08.44-те Қарағанды облысының Доскей ауылынан 5 км жерде құлады.

Іздестіру жұмыстары барысында қираған ұшақ пен екі адамның денесі табылды.

 

Қарағанды облысы ұшақ апаты қаза болғандар

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!