Новости Казахстана11 июля 2023, 21:34

Қаңтар оқиғасында Алматы әуежайын басып алу бойынша 5 адам сот үкімі шықты

Бүгін Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты  қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алу дерегі бойынша қозғалған істегі бес айыпталушыға үкім оқыды, деп хабарлайды Arbat.media.
 
Сот істі қарау кезінде айыпталушыларды кінәлі деп танып, олардың барлығына 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығыан айыру жазасын тағайындады.
 
Оның ішінде Әйгерім Тілеужанова – 4 жылға бас бостандығынан айырылса, Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шилібаев, Жанайдар Кәрменов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
 
Ә.Тілеужановаға жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды деген (Қылмыстық кодекстің 272-бабы 1-бөлігі) айып тағылды. Қ.Нұрпейісовке жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды (ҚК 272-бабының 1-бөлігі), автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (ҚК 200-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы), тонау (ҚК 191-бабының 1-бөлігі), ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу (ҚК 269-бабының 3-бөлігі) баптары бойынша бірнеше айып тағылған.

Бұдан бөлек, Н.Дәлібаев, Е.Шилібаев пен Ж.Кәрменов жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты (ҚК 272-бабының 2-бөлігі) және ауыр зардаптарға әкеп соққан ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасады, оларды басып алды (ҚК 269-бабы 3-бөлігі) деп айыпталған.  

Сот отырысында өткен жылдың 5 қаңтарында Ә.Тілеужанова мен Қ.Нұрпейісовтің Алматы әуежайында бүлік шығарып, өрт қойю және мүлікті жою сияқты тәртіпсіздіктер ұйымдастырғанын анықталғаны айтылды. Әуежайда оларға Дәлібаев, Шилібаев, Кәрменов қосылған көрінеді. 
Қаңтар оқиғасы Сот үкімі

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!