Новости Казахстана13 января 2023, 22:03

Қаңтар оқиғасында алаңда ту ұстаған Берік Әбішев жансақтау бөліміне түсті

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде алаңда ту көтеріп, кейін басына оқ тиген белсенді Берік Әбішев Ұзынағаш ауруханасының жан сақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды  Arbat.media.

"Қаңтар көтерілісінің символы" ретінде ел арасында фотосы танымал болған Берік Әбішевтің ауруханаға ауыр халде жеткізілгенін желі қолданушылары жазды. Ол туралы ақпарат Facebook-те тарады. Онда Берікті үйінен жедел жәрдем алып кеткені айтылды.

Қазақстанның көк туын көтеріп, оққа қарсы шығып, ерлік жасаған Берік Әбішев батырымызды Ұзынағаш ауруханасының жан сақтау бөліміне апарып жатқызыпты. Аяқ-қолы тартылып ауырған соң, жедел жәрдем шақырып ауруханаға апарған. Барлығымыз Беріктің амандығын тілеп дұға етсек, ағайын! Алла шипасын берсін!", — деп жазды Алтынай Жүсіпова атты желі қолданушысы.

Алматыда Берік Әбішев Қаңтар трагедиясы кезінде алаңда еліміздің туын ұстап жүрген болатын. Сол кезде ол басынан ауыр жарақат алып, өлім аузынан қалған еді. 40 жастағы белсендінің басына бірнеше рет операция жасалды.

Берік Әбішев Қаңтар оқиғасы Қоғам Ота

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!