Новости Казахстана19 декабря 2022, 17:06

Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қатысты тергеу аяқталды

Антикор Қайрат Сатыбалдының бірінші әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі дерек бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды arbat.media.

Антикор қызметінің хабарлауынша оның кәсіпорындардың қатысу үлестерін заңсыз иемдену және адам ұрлау дерегі бойынша жәбірленушіге келтірген залал көлемі  6,6 миллиард теңгені құраған.  

"15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға күдіктілерді сотқа беру туралы мәселені шешу үшін жіберілді. Гүлмира Сатыбалды мен оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деп күдікке ілінген. Тергеу сатысында мемлекетке келтірілген залал толығымен өтелді. Осы дерек бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді. Қазір Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алудың және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасуда", - деп ақпарат таратты Антикор қызметі. 

2022 жылдың 17 наурызында Гүлмира Сатыбалды қамауға алынғаны белгілі болды. Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған.

Наурыз айында еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыға және оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті рейдерлік басып бойынша сотақа дейінгі тергеу жұмыстарын бастаған еді. Кейін Қайрат Сатыбалдыұлы өзіне тағылған айыптап мойындап,   жылағ бас бостандығынан айырылды.  

Гүлмира Сатыбалды Қайрат Сатыбалды Қоғам сот

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!