Қайрат Сатыбалдыға түрмеде VIP-жағдайлар жасалғаны туралы
«Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық ұйымы басшысының орынбасары Бауыржан Мусиннің айтуынша, Қайрат Сатыбалды өзге сотталушыларға қарағанда қатаң бақылауда, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ол Өскемендегі құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған №22 қылмыстық-атқару мекемесіне барып, Қайрат Сатыбалдының қандай жағдайда отырғанын көріп қайтқан.
«Ол мекемеде Қайрат Сатбалды отыр. Оған VIP-жағдайлар жасалғаны туралы өсек айтылып жатады ғой, соның рас-өтірігін білгім келді. Ол да өзгелер сияқты жазасын өтеп жатыр», - деді Бауыржан Мусин.
«Оған ешқандай артық жағдай жасалмаған. Мен оның тәртіпке сай жүргенін көріп, осының бәрін біз келгендіктен әдейі істеп отырсыз ба», - деп сұрадым. «Бұл менің таңдауым» деп жауап берді. Яғни, ол заңды берік сақтап отыр», -деді құқыққорғаушы.