Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі ұзарды
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзартты, деп хабарлайды Arbat.media.
Қаңтар оқиғасынан кейін араға уақыт салып қамауға алынған "Дикий Арманның" серіктесі Қайрат Құдайбергенге қатысты ақпарат жария болды.
Алматы Мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 маусымына дейін», - делінген сот мәліметінде.
24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау туралы шешім шыққан еді.