Новости Казахстана6 сентября 2023, 14:16

Қайрат Құдайберген мен «Дикий Арманға» қатысты қылмыстық іс сотқа түсті

Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«2023 жылдың 4 қыркүйегінде қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке (Дикий Арман) қатысты қылмыстық іс Алматы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әзірге сот отырысының қай күні басталатыны белгіленген жоқ»,- деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Қайрат Құдайберген Дикий Арман Қылмыстық іс Алматы соты

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!