Новости Казахстана4 января 2023, 19:13

Қайрат Боранбаев сотта "шетелге қашпақ болды" деген айыпты жоққа шығарды

Сот барысындағы үзіліс кезінде былтыр наурыз айында қамауға алынған кәсіпкер Қайрат Боранбаев журналистерге Қазақстан шекарасынан кетпек болған сәтінде ұсталды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды arbat.media.

Оның сөзінше, қашпақ болды деген айып шындыққа жанаспайды.

Бұның барлығы өтірік ақпарат. Сол сәтте кездесуде отырған едім. Мені сағат 5 кезінде ұстады. Бұл күн менің әдеттегі жұмыс күнім болды.  Иә, сол күні түнгі 2-де мен ұшпақ болдым. Неге мен қашуым керек? Осында тудым, өстім. Бұл жерде менің әкем жерленген. Мұнда менің барлық бизнесім бар.  Біз осы рейс бойынша барлық құжаттарды түнгі сағат 2 де жібердік, - деді ол журналистерге берген жауабында. 

Сондай-ақ, кәсіпкер ұсталғанға дейін ұзақ уақытқа Ригаға кетуі тиіс болған екен. Бұдан бөлек одан журналистер қозғалған қылмыстық іске қатысты сұрады. 

Бұл нәтижеге түсініктеме беру өте қиын, өйткені біздің дәлелдеріміз, біз ұсынған құжаттарды жұмысқа қабылдамады. Біз "Qazaq Gaz" АҚ компаниясының құжаттарын, келісімшарттарын көрсетеміз, оларды ешкім қабылдамағаны біртүрлі, - деді Қ.Боранбаев. 

Боранбаев талқылаудың мәні "қарапайым азаматтық-құқықтық мәміле" деп талап етіп отыр. 

Мен ондағы жай акционермін. Біздің холдингтегі барлық мәселені компаниялар, барлық қаржы-шаруашылық қызметті бас директорлар жүргізеді. Компания газ сатып алып, "Qazaq Gaz" ҰК сатты. Онда сатып алу келісімшартында баға формуласы болды. Онда ҚазТрансГаз бірден тоннасынан 10 доллар, яғни сату сомасынан 20 миллион доллар пайда тапты. Бұдан басқа, газдың барлық көлемі Қытайға кетті, яғни компания тағы 220 миллион доллар тапты, - деп түсіндірді ол. 

Бұл ретте, оның деректері бойынша барлық көліктік қызметтің ақысы толығымен төленген көрінеді. 

Қазір мен осы құжаттардың барлығын зерттедім. Бұған дейін, әрине ештеңе білмедім. Өйткені бізде әртүрлі келісімшарттар мен мәмілелер бар. Бірақ мен мұқият зерттедім, өйткені бұдан басқа ешқандай айып жоқ. Одан әрі "Азия Газчунджа" ЖШС тек тасымалдау үшін 125 миллион төледі. Бұл "Qazaq Gaz" АҚ ішіндегі көлік компанияларының табысы. Яғни, бұл күн сайын мұнай саласында, газ және азық-түлік саласында болатын қарапайым кәсіпкерлік мәміле. Ол заңнамаға қайшы келмейді. Бұл кәсіпкерлік қызметтің, сатып алу-сату шартының негізі, - деп есептейді кәсіпкер.

Бұған дейін еліміздің Антикор қызметі "Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты, сондай-ақ Qazaq Gaz АҚ Басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақты сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру деректері бойынша айыптау бойынша қылмыстық іске қатысты тергеуді аяқтаған болатын.

Үкімді орындау үшін айыпталушылардың 38 миллиард теңге сомасындағы ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүліктік нысанға, үш автокөлік құралына тыйым салынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 15 наурызында Боранбаевты Алматыдағы қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері ұстады. Қайрат Боранбаев – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның бұрынғы келіні Әлима Боранбаеваның әкесі.

Қайрат Боранбаев сот Айып Жауап

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!