Президент: Суды үнемдеп пайдалану мәдениеті жоқ
«Суды үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде, суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ, су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр», - деді Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Ішкі су ресурстарын үнемдеп пайдалану өте маңызды. Су үнемдейтін технология өте баяу енгізілуде. Суды шақтап пайдалану мәдениеті де жоқ. Еліміздің кейбір өңірінде суды ең көп жұмсайтын ауыл шаруашылығы саласында оның 40 пайызы ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр», - деді Мемлекет басшысы.
Президенттің пайымынша, олқылықтың орнын толтыру үшін өте батыл және шұғыл шаралар қажет. Ең алдымен, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейту керек.