Президент: Кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Президент биылғы Жолдауында елімізді одан әрі дамытуға арналған тың тәсілдерді ұсынғанын алға тартты.
«Біз экономиканың өсімін кемінде 6-7 пайызға жеткізуіміз керек. Ол үшін бизнестің жеке бастамаларына барынша қолдау көрсету қажет.
Осы бағытта біраз шаруа атқарылды. Дегенмен, кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де болса бәсең, өз әлеуетіне сай емес деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, бізге шын мәнінде сапалы серпіліс қажет. Ең алдымен, мемлекет пен бизнестің қарым-қатынасы мүлде жаңа үлгіге көшуге тиіс», - деді Тоқаев.
Поделиться
Читать Arbat media в