Новости Казахстана1 сентября 2023, 12:58

Президент: Ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге дейін көтеру керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре беретінін және азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеге көтеруді тапсыратынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізетінін айтты.

 

Жолдау-2023 Қасым-Жомарт Тоқаев төменгі жалақы 85 мың

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!