Президент буллингке тап болғандарға көмек көрсету туралы айтты
Буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Arbat.media.
«Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балаларға қауіпсіз болуы керек. Өскелең ұрпақтың психикалық саулығы маңызды мәселе. Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет», - деді Президент.
Поделиться
Читать Arbat media в