Новости Казахстана1 сентября 2023, 13:07

Президент: Банктер тұтыну несиесімен азаматтарды қарызға батырды

Мемлекет басшысы қаржы нарығындағы қазіргі жағдай туралы айта келе, нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп, қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырғанын айтты, -  деп хабарлайды Arbat.media.

«Мұндай ахуал Үкіметті тікелей қаржыландырумен, кепілдік және субсидия берумен айналысуға мәжбүрлейді. Бұл тәсіл тиімсіз, көп қаражатты талап етеді әрі нарықтық экономика қағидаларына қайшы келеді. Сонымен бірге, нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кетті. Осы жағдай қаржы жүйесіне төнетін сын-қатерлердің көбеюіне және азаматтардың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Президенттің айтуынша, ахуалды біржола түзеу үшін жаңадан жүйелі шаралар қабылдау қажет.

 

 

 

Жолдау-2023 Қасым-Жомарт Тоқаев Қарыз банктер

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!