Премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы қайта ұсынылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.
Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайтын болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясында Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен «Amanat» партиясының ұсынатыдығын айтқан болатын.
Поделиться
Читать Arbat media в