Новости Казахстана10 июля 2023, 16:59

Полиция Алматыда екінші қабаттан секіріп кеткен қызға қатысты пікір білдірді

Алматы қалалық ПД үшінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен қыз бойынша, өз-өзіне қол жұмсау дерегіне сәйкес пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media

Департамент тарапы қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеп отыр.

Тергеу қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша жалғасуда. Яғни 105-бабы “Өзін-өзі өлтіруге итермелеу“ және 194-бабы “Бопсалау“ бойынша тергелуде. Тергеу барысында оқиғаның барлық қатысушылары мен куәгерлері анықталды. Басты күдікті белгілі болды. Қазір жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, - деп жазылған Алматы қалалық ПЖ таратқан ақпаратта.

Қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазбаға қатысты тергеу оқиға 2022 жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласында күдікті мен оның танысының қатысуымен болғанын анықталды.. Алайда бұл дерек бойынша полицияға шағымдар түскен жоқ. Полицейлер жәбірленушіні іздестіріліп жатыр. 
 

Алматы суицид

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!