Пойыздар неге жиі кешігеді
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Жәнібек Тайжанов пойыздардың кестеге сәйкес жүрмеуінің үүш себебін айтып берді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жаз мезгілінде 3 сағатқа, кейде 6 сағатқа дейін кешігеді. Бірінші себеп - жыл сайын теміржолдарда қауіпсіздік мақсатында жөндеу жүргізіледі. Екінші себеп – пойыздар жолдан шығып кетіп, пойыздар кешігеді. Үшінші себеп – климат, яғни, ауа райы қолайсыздығы, боран, қар тағы сол сияқты. Биылғы кешігулер магистраль бойындағы жұмыстармен байланысты.
Айта кетсек, пойыздың кешігіп келген әрбір сағатына өтемақы талап етуге болады. Әр сағат үшін жолаушы билет құнының 3% мөлшерінде өтемақы ала алады.
Поделиться
Читать Arbat media в