Новости Казахстана4 февраля 2023, 17:55

Петропавл мен Алматы арасында қатынайтын жолаушылар пойызында өрт шықты

"Петропавл-Алматы" бағытында жолға шыққан жолаушылар пойыздан өрт шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, төтенше жағдай 3 ақпан күні кешкілі орын алған.

3 ақпан күні кешкі сағат 21.57-де Қарағанды облысының Аршалы-Анар станциясында құрамның соңында орналасқан техникалық вагондағы өрттің салдарынан №105/106 "Петропавл - Алматы" пойызының қозғалысы тоқтатылды. Пойызда 235 жолаушы болды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт дер кезінде сөндірілді, деп хабарлады ҚТЖ АҚ баспасөз қызметі. 

Жолаушыларды Алматы станциясына дейін жеткізу үшін Астанадан жеті купелі және бір плацкарттық вагоннан құралған бір реттік пойыз бекітілді. Қазіргі ҚТЖ ҰК АҚ-ның арнайы құрылған комиссиясы төтенше жағдайдың себебін тексеріп жатыр. 

Сондай-ақ, стандартты вагондардан жасақталған пойызда жолға шыққан жолаушыларға багажды, жүк-багажды және теміржол көлігімен пошта жөнелтілімдерін тасымалдау қағидаларына сәйкес белгіленген тәртіппен жол жүру құнының айырмасы төленетіні айтылды. 

Петропавл Өрт Жолаушылар пойызы Қазақстан темір жолы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!