Пеленің аты португалі тілінің сөздігіне енді
Аты аңызға айналған Пеленің есімі португал тілінің бразилиялық сөздігіне енді, деп хабарлайды Arbat.media.
El.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Пеле енді үздік сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Яғни "ол теннис әлемінің Пелесі", "баскетбол Пелесі" секілді тіркестерде қолданыла береді.
Пеле 2022 жылғы желтоқсанда өмірден өтті. Аты аңызға айналған футболшының жасы 82-де болатын.
Пеле – үш әлем чемпионатында топ жарған жалғыз футболшы (1958, 1962, 1970). Бразилия құрамасы сапында ол 92 матч өткізіп, 77 рет қарсылас қақпасынан саңылау тапқан. Ал ұзақ өнер көрсеткен клубы – "Сантос".
Поделиться
Читать Arbat media в