Новости Казахстана16 июня 2023, 21:10

Павлодардан басқа облысқа әкім болып кетіп бара жатқан Ахметовке жерлестері жылы лебіз айтпады - Жақиянов

Кезінде Семей және Павлодар облысын басқарған басқарған Ғалымжан Жақиянов өзінің «Өмір белестері» атты кітабында Даниал Ахметов туралы айтады. Бүгін ШҚО әкімі қызметінен босатылған Ахметовтың 1997 жылдың желтоқсан айындағы кездесуі туралы саясаткер көптеген жайтты айтқан.  Arbat.media аталған кітаптағы бірқатар деректерге шолу жасап көрді.

Автор Семей облысын басқарған соң үкіметте құрылған агенттікті басқарып жүріп жұмыссыз қалғанын айтады. Бизнесте жүріп билікке келген ол бұл шешімге қуанғанын айта келе, ары қарай еркіндікте болатынын туралы тарқата түседі. Алайда оны көп ұзамай сол кездегі президент Н.Назарбаев жеке шақырып алған көрінеді.

Билік қызметінен кеткенне кейін Назарбаев көп ұзамай хабарласамын деген. Бірақ көп ұзамай дегені айналып келгенде 2 ай ғана болып шықты. Желтоқсанның 13-14 күндері президенттің өзі телефонмен байланысқа шықты. «Сен Маған керексің, Ғалымжан. Есіңде ме, шақырғанымда келетін уәдең бар? Павлодар облысын қолыңа ал. Ол да өз өңірін ғой. Энергостансаларынан хабарың бар, мамандығың сол. Көмірді қалай өндіретінін де жақсы білесің. Ахметов (Даниал Кенжетайұлы - ред.) онда бес жыл істеді, шаршаған шығар. Басқа облысқа ауыстырармыз. Мүмкін, сонда жұмысы жүрер. Ойланған соң маған кіріп шығарсың» деп ауызша мұрша бермеді. Екі-үш күн өткен соң қабылдау бөлмесінен телефон соңып, президентке шақырды. Бұл жолы бас тартудың жөні де, ыңғайы да келмеді. Сондықтан қайтадан саясаттың қазанына, мемлекеттік қызметке кіруге мәжбүр болдым, - деп жазады Ғалымжан Жақиянов «Өмір белестері» кітабында.

Павлодар облысына әкім болардан бұрын ол президент қабылдауында болған әңгімелерді де қаз-қалпында баяндайды.

Өзің де жұмыстың рет-ыңғайын біліп қалдың ғой. Тәжірибең жеткілікті. Қазақшылығың бар, ол өңірді ақылмаен қайтадан ұлтымыздың қатарына қосуымыз керек. Әйтпесе, Даниал тілімізге шорқақ, бұл мәселені жіберіп алған сияқты.Облыста түрлі словян ұйымдары бас көтеріп, Ресейге бастарын бұра береді деп айтты, - дейді Ғ.Жақиянов президентпен әңгімесу туралы.

Осы орайда Ғалымжан Жақиянов Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің картасын көрсету барысында Семейдің жер көлеміне көз түсіп кеткенін айтады.

Сонда Н.Назарбаев: білем, сенің Семейге жаның ашиды. Бәрі де дұрыс болады. Өзің білесің ғой, Семейді Өскеменге қосу туралы жайын Әкежан Қажыгелдиннің ұсынысы болған деді. Кейіннен халықпен сөйлесу Әкежанға тапсырылды, - дейді саясаткер.

Бұдан кейін ол Павлодарға өзі келіп, президентті күтіп жатқанын айтады. Сол уақытта боран болып, әуежайға бірнеше күн ұшақ қона алмаған. Ал Жақияновтың Павлодарға әкім болатынын ешкім білмеген.

Желтоқсанның 21-де президент ұшағы Павлодар әуежайына қонып, түстен кейін облыс активінің жиыны өтті. Жиналыс ұзақ болмады. Сөз сөйлеушілер аз болды. Тіпті басқа облысқа әкім болып кетіп бара жатқан Ахметовқа жерлестері жылы лебіз айта қоймады. Президент те, Ахметов те жиында орысша сөйледі. Мен қазақ тілінде қысқа ғана: «Рахмет. Сеніміңізді ақтауға тырысамын», - деп айттым дейді саясаткер түрмеде жазған кітабында.

Жаңа тағайындаудан кейін Ғалымжан Жақиянов пен Даниал Ахметов екеуі президентті шығарып салып, коньяк ішкен. Алайда әңгімелері аса жарасымды болмағанға ұқсайды.

Назарбаевты шығарып салған соң Ахметов екеуіміз кабинеттің екінші қосалқы бөлмесіне кіріп, жарты сағаттай отырдық. Коньягі бар екен. Бірақ оны ішіп жарытпадық, жүрмей қойды. Жай ғана салқын, бірімізді-біріміз аңдығандай сөйлестік. Дәке, дедім. Облыста көп істедіңіз. Жақындарыңыз бар, дос-жұрағаттарыңыз бар. Өз басымнан өткен шаруа, бұндай ауыс-түйісте солар қиналады екен. Ондай адамдарыңыз болса, осы бастан айтып қойғаныңыз екі жаққа дұрыс болар. Ертеңгі күні менен қысым болды деген сөз шықпасын», - деп айттым дейді Ғалымжан Жақиянов.

Оның жазуынша, Даниал Ахметов бұл жолы көп досы жоғын, тек жалғыз қарындасына көз қырын сала жүруді тапсырған.

Ниетіңе рахмет, Ғалымжан. Жақын дегенде осында жалғыз қарындасым бар. Соны ғана ескерсең болды. Қалғандарында шаруам жоқ. Өздерімен өздері жүре берсін. Жөнді достарым да жоқ» деп жауап берді. Мына жақта жергілікті жігіттер, кәсіпкерлердің қолдауға тұрарлығы қайсысы? Осы өңірдің шаруасын көтеретін, істің мәнісін білетін, жерге жаны ашитын адамдарды айта аласыз ба», деп ары қарай тамырын басып көрдім. Ол біразға дейін үндемей отырып барып: «Жоқ, ондайлар еске түспейт тұр» деді көңілсіз», - деп жазады автор.

Ғалымжан Жақиянов Даниал Ахметов Өмір белестері

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!