Павлодарда қала әкімінің орынбасары пара алды деген айыппен ұсталды
Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Arbat.media.
15 маусымында Антикор өкілдері кәсіпкерден пара алды деген күдікпен қаладағы жолдарды жөндеудегі мемлекеттік сатып алу шартындағы орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін Павлодар қаласы әкімінің орынбасары ұсталды.
Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ал күдікті ретінде ұсталған әкім орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Поделиться
Читать Arbat media в