Новости Казахстана1 мая 2023, 17:12

Павлодар облысында Ленин атындағы ауыл атауы өзгерді

Павлодар іргесіндегі Ленин есімін иеленген ауылының аты Атамекен болып өзгерді, деп хабарлайды Arbat.media 

Жыл басынан бері Ленин атыдағы ауылдың атауын өзгертуге қатысты Павлодар қаласы және облыс әкімінің аттарына бірнеше өтініш түскен. Осыдан кейін жергілікті басылымдарда атауды өзгертуге қатысты қоғамдық тыңдау өтетіні туралы хабарлама жарияланып, талқылау болған көрінеді. 

Жергілікті тұрғындармен талқылауға арналған жиындар өтті. Көпшілікті ақпараттандырып, арнайы топтар құрылды. Осыған қатысты ұсыныстар көп ұсыныс түсті. Жиырмаға жуық атау ұсынылды. Дегенмен жергілікті тұрғындармен өткен жиындарда 7 ұсыныс іріктелді. Оған Қазанғап, Бидайық, Атамекен, Ынтымақ, Қазына, Жетінші ауыл атаулары және атауды өзгертпеу нұсқасы кірді. Одан кейін бүгінгі қорытынды жиында екі атау: Қазанғап би және Атамекенді қарастыру туралы шешім қабылданды, - деді ауыл әкімі Маржан Алшымбаева.

Қоғамдық тыңдауға ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелері, жақын ауылдардағы және басқа жақта тұратын ауыл тумалары қатысты. Тіпті, бұл ауылға мүлдем қатысы жоқ адамдар да келіп қатысқаны айтылды.  

Дауыс беруге жергілікті қоғамдастықтың 50 мүшесі қатысып, 49 адам Атамекен атауына дауыс бергені белгілі болды.  Заңнама бойынша атауды өзгерту жұмысына 3-6 ай кетпек. 

Павлодар облысы Ленин Ауыл атауы

Новости по теме

Ссылка скопирована в буфер обмена!